Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев "Көк-Жайлау" тау шипажайы жобасына тыйым салды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шаңғы курортының құрылысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Тағы бір мәселе – «Көк-Жайлау» шаңғы курортының құрылыс жобасы. Бұл тақырыпқа қайта-қайта орала бермеу үшін, бүгіннен бастап бұл жобамен айналысуға тыйым саламын. Яғни, курортты салудың қажеті жоқ. Бізге қажеті жоқ»,- деді президент Алматы қаласының қоғамдық- экономикалық дамуын талқылау жиналысында.  

Президенттің айтуынша, қоғам белсенділері мен эколог мамандардың барлығы дерлік бұл жобаға өз қарсылығын білдіруде екен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев «Көк-Жайлау» жобасын іске асыруды кейінге қалдыруды бұйырған еді.

Талқылау