Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Қытайға көрсеткен қолдауы үшін ризашылық білдіреміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда ҚКП ОК саяси бюросының мүшесі, сыртқы істер жөніндегі басқарушы топ канцеляриясының басшысы Ян Цзечимен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тоқаев: Қытайға көрсеткен қолдауы үшін ризашылық білдіреміз

Кездесу барысында Тоқаев Ян Цзечи мырзаны бұрыннан білетінін, оның ҚКП сыртқы істер министрі лауазымындағы табысты қызметімен бұған дейін де жіті таныс екенін атап өтті. Сонымен қатар президент бұл сапардың Қазақстан үшін өте маңызды екенін де айтты.

«Біз Қытайды көршілес әрі достық қарым-қатынастағы мемлекет деп есептейміз. Сондай-ақ, әлемдегі экономикасы дамыған екінші ел екенін де негізге аламыз.  Қазақстан бұл сапарға үлкен мән береді. Біз Қазақстанның Азиядағы іс-қимыл және өзара сенім шаралары жөніндегі кеңес пен халықаралық аренадағы басқа да бастамаларын қолдағаны үшін Қытай мемлекетіне ризашылық білдіреміз.

Экономикалық ынтымақтастыққа келер болсақ, оның стратегиялық сипаты бар. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев пен төраға Си Цзиньпин қол жеткізген уағдаластықтар одан әрі дами береді», – деді Тоқаев. 

Ян Цзечи Қасым-Жомарт Тоқаевты биылғы маусымда Қазақстан президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. Оның айтуынша, сайлаудағы жеңіс – Қазақстан халқының жоғары сенімінің көрсеткіші. Ян Цзечи мемлекет басшысының бұл сапары екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікке тың серпін беретінін мәлім етті. 

Талқылау