Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қытайдағы Қазақстан елшісін тағайындады

Ғабит Қойшыбаев Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Тоқаев Қытайдағы Қазақстан елшісін тағайындады

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қойшыбаев Ғабит Бейбітұлы Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

1972 жылы 12 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1999 жылы сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында бастаған. Сол жылы оны Үрімжідегі (ҚХР) Қазақстанның паспорттық-визалық қызметіне ұзақ сапарға жіберді.

1999 - 2007 жылдары Қазақстанның Үрімжі қаласындағы (ҚХР) паспорттық-визалық қызметінде, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде түрлі дипломатиялық қызметтер атқарды.

2007 - 2009 жылдары - Сыртқы істер министрлігінің Азия және Африка департаментінде бірқатар басшылық қызметтер атқарды.

2009 - 2011 жылдары - Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінде кеңесші, кеңесші-елші, 2011-2014 жылдары - Қазақстанның Шанхайдағы бас консулы болды.

2014 - 2016 жылдары - сыртқы істер министрлігінің консулдық қызметтер департаменті директорының орынбасары, жалпы азиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары болды.

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшісі болып тағайындалғанға дейін ол президент әкімшілігінің сыртқы саясат және халықаралық қатынастар бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Екінші дәрежелі төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар. Қытай және ағылшын тілдерін біледі. Үйленген, үш баласы бар.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қылмыстық ортада беделді "Жабайы Арман" желіде челлендж бастады (видео)

Флешмобты кейбір танымалдар да қолдаған сияқты

Түркістан облысы мұнай өндірілетін аймаққа айналуы мүмкін: Сарапшылар не дейді

Мұнай қорының табылуы қазақстандықтарды жігерлердірді

Ресейлік браконьерлер қазақстандық инспекторларға тап беріп, оқиға орнынан қашып кеткен

Оқиға Солтүстік Қазақстанда орын алған

"Түрмеде қатты арықтап кеттік": Нигериялық азаматтар Қазақстан полициясынан 50 мың доллар дауламақ

Олар аппеляциялық сотта ақталып шықты

Алдағы күндері Қазақстанда қатты аяз болады

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің кей өңірінде -33 градус аяз күтіледі

Шымкентте қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері тұтқындалды

Ол адам ағзаларын заңсыз алды деп күдіктелуде

"Қол астындағы қызметкерім үшін кешірім сұраймын": Оралда бойжеткенді қағып кеткен полиция қызметкері жұмыстан босатылды

Алматы облысының тұрғына 79 жастағы туысын гір тасымен ұрып өлтірген

Зейнеткерді өлтіріп, көңнің астына көміп қойыпты

Таразда 12 жасар қыз зорланды: Күдікті бұрын да зорлық жасаған боп шықты

Ол 17 жасында зорлық жасағаны үшін сотталған

Анасы сегіз кішкентай баласын пәтерде бірнеше күнге қалдырып кеткен

Алты айдан сегіз жасқа дейінгі балалар суық үйден табылды
Çàãðóçêà...