Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram-да қазақстандықтарға үндеу жолдады. Мемлекет басшысы әлеуметтік желілерде емес, ресми қабылдауда өтініштер қалдыруды сұрайды.

Мемлекет басшысы: Өмірде ең маңызды нәрсе - адамгершілік, білім, жоғары кәсібилік

«Менің парақшамда мыңдаған адам сұрақтар қояды, жүйелік негізде жұмыс істеуді талап ететін маңызды проблемалар туындайды.

Жазған әрбір адам оның өтінішін естиді деп күтеді. Алайда менің ойымша, әлеуметтік желі арқылы барлық сұрауларға жауап беру мүмкін емес екенін жақсы түсінесіздер.

Қоғамдық қатынастарды жақсарту және азаматтардың өтініштеріне жауап беру үшін менің виртуалды қабылдау орталығы www.akorda.kz сайтында ашылды.

Виртуалды қабылдау бөлімі ел азаматтарының оларға қатысты сұрақтар бойынша жеке-дара немесе жалпыға ортақ мәселе жөніндегі хаттар жібере алады. Мұнда келген әр хат ресми түрде тіркеліп, жеке менің және әкімшілік қызметкерлері тарапынан қаралады.

Виртуалды қабылдау әрбір азаматқа сұраулар жіберуге және заңдық күші бар жауаптар алуға мүмкіндік береді», - деді президент парақшасында.

Талқылау