Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстан халқына үндеу жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Көптеген шет елдердегі коронавирус індетінің таралу жағдайы алаңдатарлық. Барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде, локдаун тәртібі қайта қабылданып жатыр. Қазақстандықтарды денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ұстанып, карантин шараларын сақтауға шақырамын", - дейді Тоқаев.

Осылайша коронавирустың таралуы туралы айтқан мемлекет басшысы халықты сақ болуға шақырды.

"Үкімет бизнес пен экономиканың мүдделерін негізге ала отырып жұмыс істейді. Пандемияның бірінші толқынымен күрес тәжірибесі ескерілді. Әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдауды тапсырамын. Бірақ бар мәселе азаматтардың өзіне тікелей байланысты", - дейді мемлекет басшысы. 

Талқылау