Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың жалақысы туралы: Әртүрлі жалақы төлеуге жол беруге болмайды

Қазақстандықтар шетелдіктермен бірдей жұмыс істесе, олардың жалақысының айырмашылығы болмауы тиіс. Бүгін Атырау жұртышылығымен кездескен президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Біліктілік деңгейі тең шетелдік және жергілікті жұмысшыларға бірдей жалақы төлеу мәселесін бақылауға алу керек. Бірдей жұмысқа әртүрлі жалақы төлеуге жол беруге болмайды», - дейді мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар Тоқаев бұл ретте басты пробелма жергілікті жұмысшылардың білімі мен тәжірибесінің жоғары талаптарға сай келетін-келмейтіні болып табылады. Білімі мен тәжірибесі жетпейтіндерді оқытып, тиісті деңгейге жеткізу керек, дейді президент.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр