Тоқаев ғылым мәселелері және мектеп директорларына шектеу енгізу туралы заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мәселелері туралы заңға қол қойды. Түзетулердің бірі мемлекеттік мектептер, балабақшалар мен басқа білім беру ұйымдарының директорлары жұмысшыларды өз бетімен мектепке қабылдай алмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

тоқаев

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. 

Осыған дейін Асхат Аймағамбетов мәселенің мән-жайын түсіндірген болатын. 

"Сенат заң жобасын екінші оқылымда 4 наурызда қабылдады. Бірінші түзету мемлекеттік білім беру ұйымына мұғалімдерді конкурстық қабылдауды енгізуге қатысты. Білім министрі Асхат Аймағамбетов бұған дейін түсіндіргендей, қазіргі кездегі мұғалімдерді қызметке тағайындау жүйесі түсініксіз және сыбайлас жемқорлықтың ортасын айналып отыр", - дейді Асхат Аймағамбетов. 

Заңдағы кейбір жаңалықтар ғылыми зерттеулерді республикалық бюджеттен қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұл қолданбалы ғылыми жаңалықтардың санын көбейтуге, сондай-ақ ғылымның ел экономикасын дамытуға қосатын үлесін арттыруға көмектеседі деп күтілуде.

Заң ғылымды қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады, ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет пен зерттеу жұмыстарын коммерциализациялаудың ашықтығын қамтамасыз етеді және біздің елде ғылымның дамуына ықпал етеді деп күтілуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр