Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тоқаев – екінші Назарбаев емес": Абаев Қазақстандағы қос билік туралы сұраққа жауап берді

Еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қоғам талқысына түскен бірнеше тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап берді. Олардың қатарында Қазақстандағы қос билік туралы сұрақ та бар.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар» арнасының «Открытый диалог» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз еркімен өкілеттігін тоқтатқаннан кейін, қос билік тақырыбы көтерілді. Абаев елбасы таяуда «Хабар» арнасына берген сұхбатында аталған тақырыпқа қатысты пікірлерді жоққа шығарғанын атап өтті.

«Біріншіден, елбасы перзиденттің жұмысына араласып жатқан жоқ және араласпайды. Екіншіден, Тоқаев – екінші Назарбаев емес. Оның өзіндік басқару стилі, өзіндік көзқарасы бар. Сондықтан президент өз жұмысында жаңа форматты қолданған сайын, қос билік туралы даурығудың қажеті жоқ», - дейді ақпарат министрі.

Сонымен қатар министр Қазақстан басшысы әлемдегі өзге де саясаткерлер сияқты, маңызды мәселелер жөнінде елбасымен кеңесетінін айтты. 

Сондай-ақ, Абаев тұңғыш президенттің таяуда неліктен «Хабар» арнасына үлкен сұхбат беруді ұйғарғанын түсіндірді. 

«Елбасы үлкен сұхбат берудің сәтін күткен болса, таңғалмаймын. Бұрынғы баспасөз хатшысы ретінде оның ақпараттар легін мұқият бақылайтынын айта аламын. Ол БАҚ-тағы белгілі материалдар мен желідегі жарияланымдардан хабардар», - дейді Дәурен Абаев.


Тағы оқыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаевтың руы кім – президент туралы білгіңіз келгеннің бәрі

Талқылау