Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Ауғанстан президентіне көңіл айтты

Тоқаев Ауғанстан президентіне көңіл айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Газни қаласындағы ланкестік әрекеттерге байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Ахмадзайға көңіл айтты.

"Ауғанстан президенті Ғани мырзаға және ауған халқына көптеген адамның өмірін қиған Газни қаласындағы лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айтамын", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев желідегі парақшасында.

Төтенше жағдай салдарынан 12 адам қаза тауып, 179 адам жарақаттанған. Жексенбі күні Газни қаласындағы қауіпсіздік бөлімі ғимаратының жанында жарылғыш заттарға толы автокөлік жарылып, бейбіт тұрғындар зардап шеккен болатын.

Лаңкестік оқиғаны "Талибан" радикал қозғалысының содырлары ұйымдастырғаны анықталды.

Талқылау