Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Арыстағы жарылыс туралы: Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының Арыс қаласында болған жарылысқа қатысты пікір білдірді. Президент тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев: Қоластындағылар жемқорлыққа жол берсе, басшылары отставкаға кетуі керек

Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісінде Арыс қаласындағы жарылыстың себебін анықтауды тапсырды. 

«Қорғаныс, ішкі істер министрлеріне және Түркістан облысының әкіміне Арыс қаласының әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырдым. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жарылыстың себептерін анықтау қажет», - деп жазды мемлекет басшысы. 

Бұған дейін Арыс қаласында жарылыс болғанын хабарлаған едік. Оқиғаға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, мән-жайды түсіндірді.

Тұрғындарды көшіру үшін қалаға 40 автобус тартылды. Түркістан облысы, Шымкент қаласы әкімдігі мен ТЖК тиісті шараларды атқарып жатқанын мәлімдеді. 

Талқылау