Тоқаев Алматының жаңа әкімін қабылдап, мегаполисті дамытуға тапсырма берді
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президентке қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі жоспары туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындады.
Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту, сондай-ақ жол-көлік желісінің жағдайын жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар нақты тапсырма берді.
Шаруалар тағзым еткен "хан": Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды туралы не білеміз
Еске салайық, бұған дейін 24 мамыр күні Дархан Сатыбалды президент әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан Алматы әкімінің қызметіне тағайындады. Қала басшысының өмірбаяны мен атқарған қызметіне шолу жасадық. Жаңа әкімнің бұған дейін шаруалардың тағзымы мен бауырларының кәсібі үшін басы дауға қалған. Алайда бұл жағдайлар оның имиджіне айтарлықтай әсер етпеген.
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі