Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Алматы облысында «Айбалта-2019» оқу-жаттығуында болып, ботқадан дәм татты

Мемлекет басшысы, Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Көктал» оқу-жаттығу полигонының негізгі нысандарын аралап, «Айбалта» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының белсенді фазасының барысын бақылады. Оның маневріне жалпы саны 8000-ға жуық әскери қызметші, 2000-нан  қару-жарақ пен әскери техника тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тоқаев Алматы облысында «Айбалта-2019» оқу-жаттығуында болып, ботқадан дәм татты

Полигонға келісімен мемлекет басшысы командалық пункте барып, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және ҰҰА басқару пунктін қарап шықты. Президентке «Айбалта-2019» командалық-штабтық оқу-жаттығуының негізгі кезеңдері мен міндеттері туралы баяндалды. Әскери қызметшілермен кездесе отырып, мемлекет оқу-жаттығудың сәтті аяқталуымен құттықтады және Қазақстанның қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтеріне одан әрі табыс тіледі. Содан кейін мемлекет басшысы өрістетілген далалық лагерьге өтті. Ол жерде «сарбаз ботқасының» дәмін татып, мерзімді қызметтегі сарбаздармен әңгімелесті. 

Естеріңізге сала кетсек, «Айбалта» ірі ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Алматы облысында ағымдағы жылғы 15 сәуірде басталды. 

Оқу-жаттығуды өткізу үшін шынайы жауынгерлік іс-қимылдарға жақындатылған және Орта-Азиялық өңірдегі дағдарыстық ахуалдың дамуымен сипатталатын заманауи қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып, жағдай жасалды. Оқу-жаттығудың ерекшелігі бөлімшелердің «Көктал» оқу-жаттығу полигонына тән таулы жер жағдайында арнайы әскери іс-қимылдарды орындауы болып табылады. 

Оқу-жаттығудың ниеті бойынша Қазақстан аумағына содырлар тобы баса көктеп кірді және таулы жерде тасаланды. «Оңтүстік», «Шығыс», «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлері мен десанттық-шабуылдау әскерлері құрамдастырылған тәсілмен қозғалып, оқшаулады, ал оқу-жаттығудың белсенді фазасы барысында майдандық және армиялық авиацияның қолдауымен шартты қарсыласты жойды. Оқу-жаттығу барысында понтонды көпірді өрістету арқылы Іле өзенінің ағыны, жолы қиын жерде тактикалық әуе десантын түсіру, ҰҰА пайдалана отырып, барлауды жүргізу, сондай-ақ әскери-көлік авиациясымен жеткізу және әскерлерді қамтамасыз ету үшін материалдық құралдарды парашюттік тәсілмен түсіру мәселелері пысықталды. 

Әскерлерді жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру шеңберінде материалдық-техникалық қамтамасыз етудің біртұтас нысандар кешені өрістетілді. Оның құрамына шаруашылық жабдықталым пункттері, далалық механикаландырылған нан зауыты, далалық оқ-дәрілер мен әскери-техникалық қоймалары, модульді мобильді  далалық госпиталь,  далалық құю пункттері мен жөндеу шеберханалары, көшіру құралдары бар зақымдалған машиналарды жинау пункттері кірді. 

Қорғаныс министрлігі басшылығының алдын ала баға берулері бойынша оқу-жаттығудың мақсатына қол жеткізілді. Әскерлер жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу тәжірибесі мен практикасын жинақтады, жоғары далалық машықтарын көрсетіп, қойылған тапсырмаларды орындады және ұдайы орналасу пункттеріне жөнелуге қамдануда. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр