БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жүректі кірлетпейік, жақсылар": Сәкен Майғазиев қай кезде "шымкентше" ауыр сөз айтатынын жеткізді

Сәкен Майғазиев боқтық сөз дегенді білмей, ағаларынан қалай таяқ жеп өскенін айтып мақтанды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында ағаларынан таяқ жеп өскенін айтып, боқауыз сөз айтпай ержеткенін жеткізді. Тек студент болғанында ғана қатты ашуланғанда ауызынан артық сөз байқаусызда бірнеше рет шығып кеткен көрінеді.

«Бірдеңеге көңілім толмай тұр-ау, шамасы. "Сәкеш, сен ашуланбай-ақ қойшы, түрің дым да қорқынышты емес" дейтін достарым. Шымкенттіктер "Ш"-дан жібереді деседі. Саған өтірік, маған шын, сол боқауыз сөзді студент кезімде ашуланғанда ғана арагідік айтатынды шығардым. Әулеттің тәрбиесі. Ағаларымнан таяқ жеп өскенімді де мақтан етем», - деп жазды Сәкен Майғазиев.

Жастық шағында бар ашуланғаны «Сенікі жай ма?» деген сөзбен шектелетінін айтқан өнер иесіне бұл жазбасынан кейін халықтың ықыласы еселене түсті. Жүрегіңді кірлетпеу үшін өзің де таза жүріп, жақсы сөйлеп, жақсы әсер қалдыра білуің керек дейді әнші.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бірдеңеге көңілім толмай тұр-ау, шамасы. 😊 "Сәкеш, сен ашуланбай-ақ қойшы, түрің дым да қорқынышты емес" дейтін достарым. 😂 Шымкенттіктер "Ш"-дан жібереді деседі. Саған өтірік, маған шын, сол б..ауыз сөзді студент кезімде ашуланғанда ғана арагідік айтатынды шығардым. Әулеттің тәрбиесі. Ағаларымнан таяқ жеп өскенімді де мақтан етем. Мектеп қабырғасында жүргенде қанша төбелессек те боқтау дегенді білмедік. Курстастарым: "Сәкен біреумен шекісіп қалғанда айтатын ең ауыр сөзі (боқтағаны) "Сенікі жәй ма?" дейтін сөз. Сәкен "Жәй ма?!" дегенде төбелес басталды дей бер", деп қалжыңдайтын. Біреуді боқтау - өзіңді боқтау. Жүрек - қазан, тіл - ожау (қасық). Жүректе не бар тіл соны алып шығады. Жүректерімізді кірлетпейік, жақсылар! (Әсіресе, РАМАЗАН айында) #😊🇰🇿🕌🕋🍼👼🏻👨‍👩‍👦‍👦💞🏘📚🌎🍞🥛🍯🤝🏇🕊☀️

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

«Мектеп қабырғасында жүргенде қанша төбелессек те боқтау дегенді білмедік. Курстастарым: "Сәкен біреумен шекісіп қалғанда айтатын ең ауыр сөзі (боқтағаны) "Сенікі жәй ма?" дейтін сөз. Сәкен "Жәй ма?!" дегенде төбелес басталды дей бер", - деп қалжыңдайтын. Біреуді боқтау - өзіңді боқтау. Жүрек - қазан, тіл - ожау (қасық). Жүректе не бар тіл соны алып шығады. Жүректерімізді кірлетпейік, жақсылар!» - деді әнші.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр