Титаник кемесіне саяхат жасайтын "Титан" батискафының жолаушылары көз жұмды деп танылды
OceanGate компаниясы батискафтың бортында болған бес жолаушының жоғалып кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Компанияның мәлімдемесіне сәйкес OceanGate директоры Стоктон Раш, Шахзада Давуд пен ұлы Сулеман Давуд, Хэмиш Хардинг және Поль-Анри Наржоле көз жұмуы мүмкін.
"Бұл адамдар теңіз әлемін қорғауға және зерттеуге ұмтылған нағыз зерттеушілер еді. Біз бұл бес адаммен және олардың жақындарымен мәңгі біргеміз", – делінген ақпаратта.
Бес адамның көз жұмғанын АҚШ құрлық күзеті де растап отыр. Олардың сөзінше, батискафта имплозия, яғни ішке бағытталған жарылыс орын алған. Әзірге мұның нақты себебі белгісіз.
Еске салайық, бұған дейін Атлант мұхитында "Титан" батискафның бөліктері табылған еді. Титаник кемесіне бағыт алған батискаф 19 маусымда жоғалып кетті. Ал 22 маусымда суасты кемесінде ауа таусылды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген