Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тіс жұлдырса, ораза бұзыла ма?

Оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың біріне Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұсылмандардың діни басқармасы "Тіс жұлдырса, ораза бұзыла ма?" деген оразаға қатысты жиі қойылатын сұраққа жауап берді. 

Олар тіс жұлдырған кезде тамаққа ештеңе өтпесе, ораза бұзылмайтынын айтты. Бұл туралы ханафи мәзһабына қатысты "Раддул мұхтар" атты кітабында жазылған.

"Тістерінің арасынан қан шығып, тамағына барса, яғни ішке өтпесе, ауызы ашылмайды. Бірақ тамақтан ішке өтсе де, қан түкіріктен басым не бірдей болса, немесе қанның дәмін сезсе, ораза бұзылады. Егер қан түкіріктен аз болса, ораза бұзылмайды", - делінген кітапта.

Демек, ауызы берік адамның ауызына қанның дәмі бармаса, ішке өтпесе, қан түкіріктен аз болса, ораза бұзылмайды және ол адам тісін жұлдыртуына болады. Егер қан түкіріктен көп болып, ішке өтіп кетіп жатса, ораза бұзылған болып есептеледі.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр