Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мазасыз түн: Ринат Зайытовты қолдауға жиналған қазақстандықтардың тарағысы келмеді

10 маусым күні тұтқындалған Ринат Зайытовқа  қолдау көрсеткен қазақстандықтар қала көшелеріндегі қозғалысқа кедергі келтірді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері әнұран айтып, әділдік орнатуды талап еткен қазақстандықтарды тұтқындап, оқиғадан хабар таратқан тілшіні соққыға жыққан. Әзірге қанша адамның ұсталғаны белгісіз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Күні кеше танымал айтыскер Ринат Зайытов ҚР президентін сайлау әділ өтпеді деумен оңтүстік астанадағы "Алматы Аренаның" алдында кездесу өткізді. Алайда, жиынға Зайытовтың сөзін тыңдап, пікірін білу үшін келген қазақстандықтар, айтыскердің ойда-жотқа тұтқындалғанын көріп, абдырап қалды.

Ақынға қолдау көрсету мақсатында мыңға жуық алматылықтар үйлеріне қайтпай, әділдікті талап етіп, үш уақыттай Ринат Зайытовты полиция департаменті мекемесінің жанында күтті. Айтыскер қазақстандықтардың алдына шығып, барлығы жақсы екенін айтып, олардан таралуды сұрады. Осыдан кейін үйлеріне қарай беттеген адамдар Төле би көшесіне келгенде көлік қозғалысына кедергі келтірді.

Осыдан кейін полиция қызметкерлері адамдарды тұтқындай бастаған. Тәртіп сақшылары Сайран ауданында оқиғадан хабар таратқан Tengrinews.kz тілшісінің жұмысына кедергі келтіріп, оны соққының астына алған.

ҚазТАГ тілшісінің хабарлауынша, жүзге жуық автокөлік Алматы қалалық полиция департаментінің маңынан шығып, Төле би көшесінің бойымен белгісіз бағытқа қарай жүре бастаған.

Көлікте отырғандар “Алға, Ринат!” және “Жаса, Қазақстан!” деп айғайлаған. ҚазТАГ тілшісі кейбір адамдардың Қазақстан туын ұстап жүргенін көрген. Әзірге полицияның қанша адамды тұтқындағаны белгісіз. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр