Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тимур Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды

Тимур  Сүлейменов ҚР президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Тимур Сүлейменов президент әкімшілігі басшысының орынбасары атанды

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында Тимур Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалған. 

"Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметінен босатылсын", — деп жазылған мемлекет басшысының ресми сайтында.

Тимур Сүлейменов әр жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, экономикалық даму және сауда вице-министрі, ұлттық экономика министрі қызметін атқарды. 2019 жылдың наурызында ол ұлттық банк төрағасының орынбасары ретінде қызметке кірісіп, көп ұзамай президенттің көмекшісі болды.
 

Талқылау