Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Тілің жағыңа жабысып": Айқынды вокал мұғалімі сынның астына алды

Айқын Төлепбергенді вокалист сынның астына алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BEY бағдарламасына сілтеме жасап.

Досқа арналған әнін орындаған Айқын Төлепберген сынның астында қалды. Өнер иесінің орындау шеберлігіне, сахна мәдениетіне шүбә келтірмеген вокал мұғалімі Луиза Ахметқызы жағың дұрыс ашылмайды деп сөкті өнер иесін. Осылайша, ол Айқын Төлепбергеннің орындауына 3 деген баға қойған.

"Әрине, сенің жанды дауыста ән айтып тұрғаның құрметтеуге тұрарлық. Мен ондай әншілерді өте қатты сыйлаймын. Себебі, бұл үлкен еңбек. Сенің орындауыңдағы мына әнге бес қояр едім. Алайда, сен ренжіме. Техникалық жағына үңілсек, үш деген баға беремін", -  дейді Луиза Ахметқызы

Вокалист өнер иесін жоғарғы ноталарды дұрыс алмайсың деп сынаған. Дауысының тембры жақсы болғанымен, осындай кемшіліктерді ескерген жөн деп ескерту жасады маман.

"Себебі, әншінің дауысымен қатар, жағы, жалпы денесі түгел жұмыс істеуі керек. Ал сен жоғарғы дыбысты ноталар кеудеңнен қысылып шығып, тілің жағыңа жабысып тұрғандай күйде орындадың. Негізі дауысыңның тембры өте ерекше. Орындау шеберлігің де жақсы. Мен сені әнші ретінде қатты құрметтеймін", - дейді Луиза Ахметқызы.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр