Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Құшқалиев: Осы тиінді киіндіруден де маңызды қиындықтар бар

12 тонна 12 метрлік Алматыдағы алып тиін биыл тағы да тиын сұрап тұр. Көктемде басына тақия киген тиінді бұл жолы киіндіруге ниетті. Алайда, бөлінетін қаржыны ел бюджетінен емес, еріктілердің қалтасынан жинау жоспарланған. Қазір арнайы еріктілер ұйымы құрылып, шот ашылған. Кім қанша теңге аударса да өз еркі екен. Десе де, бұл хабар кей жұлдыздың езуіне күлкі сыйласа, өзгелеріне ұнамағанға ұқсайды. 

тиін

Аталған жаңалыққа қатысты Бейбіт Құшқалиев те Stan.kz тілшісіне өз ойын білдірді. Ол «Тиін – үлкен жарнама, хайп» дейді. 

«Жеке ойым біздің қаланы ерекшелендіруге, безендіруге еш қарсылығым жоқ. Ол керек нәрсе. Көптеген турист келеді. Хайп деуге келеді. Әншілер бір әнді хит қылу үшін болмашы нәрсеге болса да ақша құямыз. Тура сол сияқты. Сондықтан еш қарсылығым жоқ», - дейді ол.

Тіпті, өзі де бір емес бірнеше рет тиінді тамашалауға барғанын жасырмады.

«Менің бүкіл ағайын-тумаларым Атырауда ғой. Сол жақтан қонақтар келген кезде міндетті түрде тиінді көрейік деп өздері айтады. Барып көрсетеміз. Таңқалып жатады», - деді әнші.

Көпті таңқалдырған тиінді киіндіруге де, түрлендіруге де әншінің еш қарсылығы жоқ. Тек бір әттеген-айы бар екенін әншінің көзінен де, сөзінен де аңғару оңай болды. 

«Алайда қоғамда қаншама әлеуметтік проблема бар. Сондықтан қаржыны тиінді киіндіруге емес, сол мәселенің оңынан шешілуіне жұмсаса үлкен сауап еді», - деді жұлдыз.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Алматыдағы атышулы тиінді бұзып жатқаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау