Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер ота аяқталмастан шығып кетті: Нұрсұлтан Күдебаевтың жақындары мәлімдеме жасады

Алматы қалалық полиция басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаевтың өлімінен соң жақындары алғаш рет сұхбат берді. 

Нұрсұлтанның ағасының айтуынша, Алматыдағы 4-ауруханаға Нұрсұлтан өз аяғымен барды. Ота кезінде жүрегі тоқтап қалған. Олар мұны анестезиямен байланысты деп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

"Тезекбаев мырза отаны аяқтамастан шығып кетті. Әкем себебін сұрағанда бәрі жақсы, онсыз жалғастырады дегенді айтты. Біраздан соң оны қайта шақыртты. Әкеме бір сағаттан кейін келіп жүрегі тоқтап қалғанын айтты. Оны медкаментозды комаға түсірдік, үміт бар деп сендірді. Дәрігерлер мидың жүрек тоқтаған жағдайда жұмыс істемейтінін түсіну керек. Ал, ағамның жүрегі 40 минут тоқтап тұрды. Біз үш апта күрестік", - дейді туысы. 

Жақындарының айтуынша, отаны 1 тамызда жасаған. Ал, Германияға 21 тамыз күні комада жатқан күйінде жіберіпті. Ол жақта ота жасамаған.

Науқасты ұшаққа дейін шығарып салуға дәрігер Қанат Тезекбаевтың өзі барған.

Бахтияр Абдраимовтың айтуынша, Нұрсұлтан Германияда тамыздың соңында көз жұмды. 

Еске сала кетсек, бұған дейін аталған аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев тұтқындалған еді. Артынша аурухананың тағы бір дәрігері қамауға алынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы дәрігерлердің қамауға алынғандығынан хабардар екенін, сондай-ақ, өзіне бағытталған хатты оқығанын жеткізді.

Артынша аурухананың бас дәрігері мен анестезиологы тергеу изоляторынан босатылды.

 

Талқылау