Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Алланың қалауымен": Асхат Тарғын зәулім үй салып жатқанын көрсетіп мақтанды (видео)

Белгілі әнші Асхат Тарғын үлкен үйінің құрылыс жұмыстарын өзі жүргізіп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында кірпіш қалап жатқан видеосын жүктеп, жұртты таңқалдырған. Құмсылақ жасап, үйінің құрылысын өзі жасаған Асхат Тарғын еңбек еткен адам жетістікке жететінін жасырмады.

«Еңбек түбі береке деген, Алланың қалауымен Биссимилләһ деп Рамазан айында үйдің құрылысын бастап кеттім», - деп жазды ол.

Өзге өнер иелеріне қарағанда Асхат Тарғынның желідегі жанкүйерлері жомарт болып шықты. Әншінің тыңдармандары үй салса терезесін өздері тегін қойып беретін болып шешім қабылдаған.

«Қай қалада? Терезесін өзім қойып берейін, пластик жасаймын. Материалын алып берсең жұмыс ақымды алмаймын», «Осы бейсенбіде Алматыға терезе апарамын, өлшемін алып кетейін», - деп қолдау білдірді.

Асхат Тарғын тыңдармандарының бұл ұсынысына қарсы емес сияқты.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр