Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тепкілей бастады: Бішкекте Алмазбек Атамбаевтың балалары ұсталды

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың балалары Бішкектегі тәртіпсіздіктердің куәгері ретінде ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Қадыр мен Сейид Атамбаевтар, сондай-ақ Темірлан Сұлтанбеков пен олардың жүргізушісі 9 қазанда Бішкекте болған тәртіпсіздіктер ісі бойынша куәгер ретінде ұсталды.

Жауап алынғаннан кейін Қадыр Атамбаев пен Сейид Атамбаев босатылды. Сұлтанбеков пен Арматов куәлік етеді.

Атамбаевтың әйелі хабарлағандай, көлігі БТР-мен соқтығысқанда ол үш баласымен Қой-Таш ауылындағы зәулім үйінен кетіп бара жатқан. Одан «автомат ұстаған адамдар жүгіріп шығып, машинаның есігін ашып, балаларды шығарып алып, тепкілей бастады», - деді ол.

Еске салайық, Алмазбек Атамбаев Бішкекте қалада жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр