Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысы Теңіз мұнай-кен аймағындағы вахта қызметкері коронавирус жұқтырды

Теңіз мұнай-кен аймағындағы вахта қызметкері коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Бүгін Атырауда коронавирус жұқтырған тағы төрт адам анықталып отыр. Олардың бірі 50 жастағы әйел. 

Атырау облысының денсаулық басқармасы өкілдерінің мәліметінше, 1970 жылғы азаматша "ТШО" ЖШС-да қызмет жасаған. Ол Ватернас вахталық ауылында тұрып келген. Қазіргі таңда науқас станционарға жатқызылып, онымен байланыста болған адамдар анықталуда екен. 

"Мекеменің жұмысына бұл жағдай еш әсер етпейді. Қызмет орнында сақтық шаралары күшейтіліп, қызметкерлердің жағдайы жіті бақылауда. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Ұйым аумағында төрт санитарлық бекет орналастырылды", - деп мәлімдеді "ТШО" ЖШС басшылығы. 

Қазір Атырау облысында коронавирус жұқтырғандардың саны 36-ға жетті. 


 

Талқылау