"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы жасөспірімдерге арнап "Стрит-арт: граффити өнері” байқауын ұйымдастырды
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы Теміртау қаласының жас және дарынды балаларға өз идеялары мен армандарын сурет түрінде жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

"Стрит-арт: граффити өнері” байқауын 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өткізілді.
“Әр аулада көрікті жерлер пайда болуы үшін, әр ауланың өзіндік әлемі мен мәдени коды болуы үшін сүйікті қаламызды әдемі, сүйкімді, жайлы ету маңызды. Біздің қатысушыларымыз, біздің батырларымыз осы ойды жүзеге асыруды ойлады”, – дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонский.

Бірінші кезеңде қатысушылар "Болашақ қаласы" тақырыбында акварель, гуашь, түрлі-түсті қарындаштармен жасалған эскиздерін ұсынды. Ал екінші кезең нобайды гараждардың қасбетіне көшіру болды.
Балалар үшін байқау өздерінің шығармашылық идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігі ғана емес. Әрбір қатысушы байыпты ойланып, жақын немесе алыс болашақтағы сүйікті қаласын елестетуге тырысты.
Жұмысты бағалау үшін қазылар алқасының құрамына "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жетекшілері – өндірістік директор Сергей Голубцов, техникалық директоры Константин Цимбал, бизнестің әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі директоры Гүлнар Стамқұлова, Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі директор Мадина Қуантаева және корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры Татьяна Ромашова кірді.

Жарыс қорытындысы бойынша София Ширко 3 орын, Бегайдарова София 2 орынға ие болды. "Стрит-арт: граффити өнері” байқауының жеңімпазы – “Архитектураның неон өнері” жұмысымен Эвелина Мусюк атанды.
“Шынымды айтсам, мен үшін қаламыздың болашақта қалай өзгеретінін елестету қиын болды. Түрлі идеялар пайда болды және бастапқыда шешім қабылдау, шын мәнінде нені бейнелегіңіз келетінін түсіну қиын болды. Сонымен, менің болашақ қаламда неон түстеріндегі ерекше сәулет ұсынылды. Бұл жоғары технологиялар мен инновациялар қаласы екені сөзсіз. Ғимараттар типтік емес, олар келесі қалада болуы керек бақыт, қуаныш, жақсылықты көрсету үшін өрнек пен ашық түстермен жасалған. Жарысқа "АрселорМиттал Теміртау" демеушілік жасады. Шығармашылық идеяларды қолдап, өзіңізді шығармашылықпен көрсетуге, жаңа нәрселерді сынауға мүмкіндік бергендеріңіз үшін рахмет”, – деді Эвелина Мусюк.

Байқауға қатысушылар "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының дипломдары мен бағалы сыйлықтарына ие болды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік