"Темекісі сөнбей қалған": Қарағандыдағы көпқабатты үйдегі өртке қатысты тың деректер белігілі болды
Қарағандыда бір күн бұрын көпқабатты үйден шыққан өртке қатысты тың мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сегізінші қабаттан құлап жарақат алған ер адам – өрт кезінде қаза тапқан ерлі-зайыптылардың ұлы.
Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті қайтыс болған ерлі-зайыптылар мен олардың туысының өліміне көмірқышқыл газынан улану себеп болғанын хабарлады. Үш бөлмелі пәтердегі өрт қаза тапқан зейнеткерлердің 44 жастағы ұлы тұратын жатын бөлмеден шыққан. Ер адам ауруханаға жатқызылды, өрт кезінде ол сегізінші қабаттан құлаған.
"Үш адам тұншығып қаза тапты. Денесінде ешқандай жарақат жоқ, күйік те жоқ. Олар шешініп, ұйықтап жатқан болуы мүмкін. Олардың екеуі – ер адам және біреуі әйел – жәбірленушінің ата-анасы”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ департамент жәбірленуші сөндірілмеген темекімен ұйықтап кеткен болуы мүмкін екенін айтты.
"Ол темекісін сөндірмей ұйықтап қалған болуы мүмкін. Сөйтіп темекі өртеніп, оны сөндірмек болып па, әлде қорқып кетті ме, балконға шыққан. Осылайша пәтерге көп мөлшерде оттегі кірген. Жалын одан сайын өршіп кеткен”, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Қарағанды жұртшылығында 44 жастағы ер адам сегізінші қабаттан құлаған видео пайда болды.
"Кейбіреулер жарылыс сияқты дыбыс естідік дейді. Бұл көліктің төбесіне тиген соққыдан болуы мүмкін. Ер адам көліктің үстіне құлаған. Жерге құласа мұндай дыбыс шықпас еді. Бұл дыбыс кейбіреулерге жарылыс ретінде естілген болуы мүмкін. Терезе блоктарына немесе үйдің басқа құрылымдарына зақым келген жоқ. Үйде газ құрылғылары табылмады", - деп мәлімдеді Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Еске сала кетейік, бұған дейін көпқабатты үйдегі өрт жарылыс салдарынан шығуы мүмкін екені айтылған болатын. Алайда кейін көпқабатты үйдегі газ жарылысының нұсқасы расталмады.
Қазіргі уақытта көпқабатты үйдің барлық тұрғындары пәтерлеріне оралды. Өртенген баспананың астында орналасқан екі пәтер де зардап шеккен. Бұған дейін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырған болатын.
Еске салайық, 10 қаңтарда Қарағандыда 16 қабатты көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққан болатын. Оқиға болған пәтерден үш адамның мәйіті табылды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік