Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тележүргізушінің ұлы тікелей эфирге шығып кетіп, анасын құшақтап алды (видео)

NBC тілшісі Кортни Кьюб эфир жүргізіп, Сириядағы қазіргі жағдай туралы айтып отырған уақытта баласы күтпеген жерден оның қасына барып алды.

Тележүргізушінің ұлы тікелей эфирге шығып кетіп, анасын құшақтап алды

Арна үзінді видеоны Twitter-дегі парақшасында жариялады.

Кьюб Сирия мен Түркия шекарасындағы жағдай туралы әңгімеледі. Ол Анкара Сирияның солтүстігінде күрдтердің топтасуына кедергі жасағысы келетінін айтты. Дәл сол кезде студияға журналистің ұлы шыға келді.

Бала кадрға түсіп, анасын құшақтап үлгерді. Баланы байқаған тележүргізуші тек қысқа ғана сөйледі.

 

«Кешіріңіз, балаларым осында», - деді тілші. Ол күлімсіреп, бұл шынымен тікелей эфир екенін атап өтті.

Студиядан берілетін хабардың орнына Түркия мен Сирия көрсетілген аймақтың картасы, сонымен қатар күрдтер бақылауындағы аумақтың картасы ауыстырылды. Көп ұзамай жүргізуші бірнеше секундтан кейін қайтадан эфирге шығып, өз сөзін жалғастырды.

Талқылау