Телеком операторлары Түркиядағы қазақстандық құтқарушыларды тегін байланыс және интернетпен қамтамасыз етті
Қазақстандық телеком операторлары Түркия Республикасында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысушы Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және арнайы жасақ дәрігерлерін тегін қызметпен қамтамасыз етті.

Түркияның оңтүстік-шығысында болған жер сілкінісіні зардаптарын жоюға қатысушы құтқару тобы мен Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің дәрігерлеріне Қазақстан мен Түркия нөмірлерінің кіріс және шығыс қоңырауларына 60 минут және 8 ГБ интернет-трафигін аударды. Қажет болған жағдайда бөлінген байланыс пакеттері ұзартылады.
Бұл туралы абоненттерге SMS арқылы хабарланды.
Beeline клиенттері аударымды "Менің Beeline-ым" қосымшасында немесе *106# пәрменімен тексере алады.
Kcell/ Activ клиенттері аударымды activ/Kcell суперқосымшасы арқылы немесе *111*3# пәрменімен тексере алады.
Tele2/ Altel клиенттері аударымды мына қосымша арқылы: https://click.tele2.kz/2sDW/roami немесе *382# пәрменімен тексере алады.
Естеріңізге саламыз, 6 ақпан, дүйсенбіде Түркияның оңтүстік-шығысында болған бірқатар жойқын жер сілкінісінен Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 7 баллдан асты. Табиғи апат салдарынан Түркияда көптеген ғимараттар қирады. Бүгінгі таңда жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстары жүргізілуде. Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған жер сілкінісіне байланысты жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?