Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Телефон нөмірін тіркемеу немен аяқталуы мүмкін екендігі айтылды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақстандықтардың ұялы телефон нөмірін тіркемеу қандай жағдайға әкеп соғатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өзгелер сіздің атыңыздан несие ала алады: Телефон нөміріңізді тіркемеудің қандай қауіптері бар
Министрліктің басшысы телефон нөмірінің бірнеше сандардың жиынтығы ғана емес, ол да жеке үй немесе көлік сынды мүлік екендігін ескерді. Айтуынша, нөмір төлемақы жасау, ақша аудару және мемлекеттік қызметтерді қолдануға мүмкіндік беретін негізгі құрал болып табылады. 

Сонымен қатар, нөмір жеке бас қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар зат екендігін ұмытпаған жөн. Мысалы, сіздің нөміріңіз басқа біреудің атында болса, ол адам сіздің жеке мәліметеріңізге, жеке шоттағы ақшаңызға қол сұғып қана қоймай, байланыс нөмеріңізді істен шығарып тастауы да мүмкін. 
Ал мұндай жағдайды болдырмас үшін, 15 минут уақытыңызды ғана құртып, нөміріңізді өз атыңызға тіркесеңіз болғаны. 

Тағы бір айта кетерлік жайт, тұрғындардың өз атына бірнеше нөмірді тіркеліп тұрғанына мән бермеуі олардың салғырттығын анықтайды. Мысалы, нөмірлерді қолданушылардың бірі алаяқ немесе телефон қарақшысы болып қалса, сұрау нөмірдің иесіне түседі.  

Ең қызығы, кейбір қазақстандықтар өз атына тіркелген нөмірлерді тексеру барысында, бірнеше нөмірдің иесі екендігін анықтаған.
  

Талқылау