Tele2 Қазақстандағы ең ауқымды Sxodim Fest жазғы фестивалін 5G байланыс желісімен қамтамасыз етті
Фестиваль сегіз мыңнан астам келушілеріне тамаша ауа-райында қызықты байқауларды, сүйікті әртістердің өнері мен керемет әсер сыйлады. Ал Tele2 ең маңыздысы байланыс желісімен қамтуды өз мойынына алды. Мұнда тыңдармандар 5G жылдамдығымен еш кедергісіз керек дүниелерді жүктеп, желідегі жазылушыларымен не болып жатқанын жылдам бөлісу мүмкіндігіне ие болды.

Оператор фестивальде желіде ақаулар мен ғаламтор жылдамдығы баяуламас үшін барын салды. "Қазақтелеком" компаниялар тобына кіретін Tele2 елімізде 5G байланысын белсенді түрде дамытуды жалғастыруда. Фестивальдің үлкен аумағында бірнеше мың абонент аналарына хабарласып, әсерімен бөлісіп, сонымен қатар фестивальде болған барлық қызықтарын желіге салу үшін жоғары жылдамдықты интернетті сынап көруге мүмкіндік алды.

Осылайша Tele2-нің арнайы мобильді станциясы бір уақытта қосылған бірнеше мың құрылғылар үшін керемет ғаламтор жылдамдығын сыйлады. Бұл ән кешіндегі әртістер өнерімен бөлісуге, хэштегтер үшін демеушілерден сыйлықтар алуға, тамақ пен сусындарды төлеу үшін мобильді қосымшаларды пайдалануға және фотосуреттерді жедел түрде жіберуге мүмкіндік берді.

Еске салайық, Tele2 абоненттері 5G желісінің қарқынын тек Алматыда ғана емес, Астана, Шымкент және Түркістан қалаларында да тегін әрі шексіз пайдаланып көре алады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік