"Тегін ноутбук берілсін": Ақтөбелік оқушылардың ата-аналары әкімге талап қойды

Ақтөбеде көп балалы аналар облыс әкімдігіне баса көктеп барды. Олар аймақ басшысы Ондасын Оразалиннің сыртқа шығуын талап етті. Ата-аналар көпбалалы отбасына бір ноутбук тегін берілсін дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Бірақ қанша айқайласа да әкім қара көрсетпеді. Оның орынбасары мен білім басқармасының басшысы шықты. Олар жиналғандардың талаптарын тындады.

30-ға жуық ата-ана көпбалалы отбасына бір ноутбук тегін және қайтарымсыз берілсін деген талап қойды. Айтуларынша мектептен компьютер берілген, оны құжатқа қол қою арқылы өз жауапкершіліктеріне алған. Бірақ техниканы бүлдіріп, не сындырып алсақ қомақты қаржы төлеп әлек боламыз ба деп қорқатындарын жеткізді.

"Мектептен бізге компьютер берілді. Сол қалпы тапсырамыз деп арыз жазып кеттік. Неге үш баланың біреуіне мектептен тегін компьютер немесе ноутбук берілмейді. Сабақ кезінде балалар ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отырды. Қазіргі кезде неге ыстық тамақтың ақшасын шоттарына салмайды", - деді көпбалалы ана Гүлзинат Әуезова. 



Жалпы аймақтағы оқушылардың 12 мыңнан астамына компьютер таратылған. Жергілікті атқамінерлер 10-шы қыркүйекте тағы да оқуға қажетті техникалар келетінін айтты. Бірақ ешқайсысы, қайтарымсыз, әрі тегін берілмейді деп ескертті.

"Ол компьютер мектеп мүлкі уақытша пайдалану үшін берілетін мүлік. Сондықтан ол ата-анаға актіленіп берілу керек. Бұзылып қалған жағдайда мектеп программисттері бар. Жөндеу жақтарын қарастырады. Бұл мектептің мүлкі кейін мектепке қайтарылатын болады", - деді  Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр