Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар жеңілдетілген несие бойынша неге жаңа көлік ала алмайды: Маман түсіндірді

Қазақстанның тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдуард Эдоков жеңілдетілген автонесиенің тиімдімсіздігі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Эдоков бұл бағдарламаның сәтті жүзеге асатынына сенімсіздік танытты. 

“Бұл бағдарламаның сәтті жүзеге асатынына ешқашан сенген емеспін. Қарапайым арифметикалық ережелерге салсақ, мысалы егер жыл сайын 500 мың автокөлікке сұраныс болса, он мыңдаған жеңілдетілген автонесилермен бұл сұранысты қанағаттандыру мүмкін емес. Бұл тек ертегілерде ғана болады”, – деп жауап берді.

Эдоковтың айтуынша, жеңілдетілген автонесиеге қоғамдық көліктерді сатып алуды көздейтін жаңа бағдарлама да ескісі секілді сәтсіз аяқталуы мүмкін.

“Себебі, жеңілдетілген автонесиеге бөлінген қаржының қалған бөлігіне жүз шақты автобус қана сатып алуға болады, ал бізге мыңдаған автобус қажет. Қалған қаржы сұранысты толық қанағаттандыра алмайды. Бірақ, автобус бәрібір қоғамдық көлік қой, жеңіл автокөлік секілді емес, бір уақытта 50-ге жуық адамды тасымалдауға мүмкіндік береді. Сондықтан, бұл жаңа бағдарлама ескісімен салыстырғанда жақсырақ нәтиже береді деп ойлаймын”, – деді Эдуард Эдоков. 

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 21 Маусым, 2023 19:12