Тауда жоғалған туристерді табу жеңілдейді: Қазақстанда цифрлық бақылау енгізіледі

Қазақстанда таулы аймақтардағы туристердің қауіпсіздігін арттыру үшін туристік бағыттарды цифрлық бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа жүйе құтқару қызметтеріне туристердің қозғалысын бақылап, төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Үкімет отырысында Қазақстанда туристік бағыттарды цифрлық бақылау жүйесін енгізу жоспарланған.
Оның айтуынша, қазір туристер мен туристік топтардың маршруттары туралы құтқару қызметтерін алдын ала хабардар ету талабы қолданыста бар.
"Алдағы уақытта туристік маршруттарды цифрлық бақылау жүйесін енгізіп, туристердің қозғалысы туралы құтқару қызметтерін автоматты түрде хабардар етуді жолға қоямыз. Бұл кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етуге және тауда зардап шеккендерге уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді", – деді министр.
ОқыңызВедомство басшысының сөзінше, жаңа жүйе төтенше жағдай туындаған кезде туристердің орналасқан жерін жылдам анықтауға және таулы әрі қолжетімі қиын аумақтардағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға көмектеседі.
Қазір елімізде құтқару бөлімшелерінің желісі кеңейтіліп, туристік аймақтарда қауіпсіздікті күшейту және жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары қолға алынған.
Еске салайық, бұған дейін қар барысы өзімен суретке түскісі келген әйелге шабуыл жасап, бетін жарақаттаған еді. БАҚ мәліметінше, әйел шаңғымен сырғанап жүрген. Қонақүйге қайтып бара жатқан жолда ол қар үстінде жатқан қар барысын байқаған. Билік бұл аймақта жыртқыштың пайда болғаны жөнінде алдын ала ескерту жасаған. Турист оған қарамастан жануарға шамамен үш метр қашықтыққа дейін жақындап, суретке түспек болған.
"Аяғын орындыққа қойып отырады, жарқылмен қайта-қайта видео түсіреді": Қазақстандықтар қоғамдық орындардағы әдепсіздіктер туралы айтты