Үлкен делегация: Тоқаев Өзбекстанға өзімен бірге кімді алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Тоқаев

Сурет: Іскерлік Қазақстан

Алаңда қос мемлекеттің әнұраны шырқалды. Тоқаев пен Мирзиеев екі делегацияның мүшелерін қарсы алды. 

Қазақстан делегациясының құрамында СІМ министрі Бейбіт Атамқұлов, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев, премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, президент көмекшісі Тимур Сүлейменов, Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Дархан Сатыбалды, энергетика министрі Қанат Бозымбаев және т.б.-лар бар. 

Естеріңізге сала кетсек, 14 сәуір күні Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр