Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен боксшылардың аналарына қаржылай сыйақы берілді

Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында жүлдегер атанған спортшылардың аналарына ақшалай сыйақы берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

31 мамырда Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев алтын медаль иеленген Санжар Тәшкенбай, Сабырхан Махмұт, Нұрбек Оралбай, Асыланбек Шымбергеновке 100 мың доллардан, ал күміс медаль иеленеген Дулат Бекбауовқа 50 мың доллар табыстады. 

Бапкерлер, кеңесшілер мен кешенді-ғылыми топ мүшелері де сыйақыларын алды. Одан бөлек тарихта алғаш рет чемпиондардың аналарына да ақшалай сый табысталды. 

Сонымен қатар Нью-Делиде өткен бокстан әйелдер арасындағы әлем біріншілігінің жүлдегерлері Карина Ибрагимова, Ләззат Күнгейбаева, Алуа Балқыбекова, Надежда Рябец, Валентина Хальзова және Фариза Шолтайға 10 мың доллардан берілді. 

Талқылау