Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тәрбиелі деп ойлап қалмаңыздар": Асылхан Төлеповтің келіншегі неке қию рәсіміндегі қызықтарды еске алды

Асылхан Төлеповтің келіншегі неке қию рәсіміндегі қызықтарды еске алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі актер Асылхан Төлеповтің әйелі Айсұлу Нарымбекқызы желідегі парақшасында неке қию рәсімінің қалай өткенін жазды. Отбасын құруға ниет жасаған уақытын осылайша еске алды ол. Куәгерлері жас келінге махр сыйлығына әртүрлі қымбат нәрсе сұра деп айтса да, ол күйеуіне салмақ түсіргісі келмеген.

"Біздің некеде куәгер Көкем мен Аян болды. Имам маxр сыйлығына не қалайсыз деп сұрағанда екеуі екі жақтан "Шуба сұра", "Айфонның жаңасы шықты, Айс, смело сұрай бер" деп әзілдей бастады. Мен имамнан шариғат бойынша қандай талаптар орындалуы тиіс деп сұрадым", - дейді Айсұлу Нарымбекқызы.

Жарынан шариғат бойынша сыйлық сұрағанын да жасырмады ол. Қарапайым болып көрінгенмен, бұл тәрбиелігімнің белгісі деп қалмаңыздар дейді Айсұлу. Асылхан Төлеповтің әйелі махр сыйлығына алтын алқа сұрап, бәрін өз жолымен шешкен.

"Мен өзіме шариғат бойынша тиесілі мөлшерде алтын алқа (кулон) сұрадым. Сонда имам маған қарап "Кулонның да түр-түрі бар ғой, бриллантпен ба?" деп сұрады. Қандайын лайық деп тапса, сондайын алып берер. Не деген тәрбиелі деп ойлап қалмаңыздар, просто не сұрайтынымды білмедім. Осылай некеміз қиылды. Мешіттен шыға бергенде Көкем "Эx, Айс, жап-жаңа айфон..." деп тағы езуімізді тарттырды", - дейді актердің жары.

Талқылау