Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздағы балалар үйіндегі жантүршігерлік видео: Тәрбиеші мекемеде 30 жыл жұмыс істеген

Жамбыл облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы Марат Жұманқұлов Тараздағы «Үміт» балалар үйінің тәрбиешісі туралы айтып берді. Желіде тараған жантүршігерлік видеодан кейін тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалған еді. Жұманқұловтың сөзінше, әйел аталған мекемеде 30 жыл жұмыс істеген. 

Тараздағы балалар үйіндегі жантүршігерлік видео: Тәрбиеші мекемеде 30 жыл жұмыс істеген

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды. 

Жұманқұловтың сөзінше, мекемеде балаға қатыгездікпен қарау дерегі бойынша денсаулық сақтау басқармасымен қызметтік тексеріс тағайындалған. 

«Аталған балалар үйінің тәрбиешісіне қатысты жұмысынан шеттету туралы шешім қабылданды. Тиісті материалдар, соның ішінде видео мен құжаттар құқық қорғау органдарына тапсырылды. Өз тарапымнан тергеудің барынша ашық әрі әділ өтетінін айтқым келеді. Тиісті шаралар қабылданады», - дейді басқарма басшысы. 

Сонымен қатар ол үстінен қылмыстық іс қозғалған тәрбиешінің балалар үйінде 30 жыл жұмыс істегенін, жоғары санатты маман екенін айтты. Ал мекеме және кадрлық қызмет қызметкерлері ол туралы оң пікір білдірді.

Марат Жұманқұловтың айтуынша, бұған дейін тәрбиешінің мұндай әрекеті байқалмаған. 

Ал тәрбиеші басымен төмен салбыратып ұстаған баланы дәрігер тексерген. Оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Басқарма басшысының сөзінше, бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Тараздағы балалар үйінде тәрбиешінің әрекеттері түсірілген видео тараған еді. Видеодан оның бүлдіршіндерді ұрып-соғып, басымен төмен салбыратып ұстағаны көрінеді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан президентінің кеңесшісі тағайындалды

Президент Әлия Рақышеваны қызметінен босатты

"Байбек секілді ұстап алғыларың келе ме?": Шөкеев Түркістанда түскі ас құны қанша екенін айтты

Шөкеев: "Бір кездегі 500 теңгелік түскі ас туралы айтқан Бауыржан Байбек секілді ұстап алғыларыңыз келе ме?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда құс тұмауы жоқ екенін мәлімдеді

Қазақстан құс тұмауынан аулақ болған ел болып танылды

Бірінші орында Lada: Қазақстандықтар қандай отандық құрама көліктерді сатып алады

Қазақстандықтар отандық құрама машиналарын сатып алуда белсенді бола бастады

Ғалымдар артық салмақтан арылудың ең оңай жолын айтты

Мамандар: Құпия кілті – физикалық белсенділік

"Өліп қаламын ба деп қорықтым": Ер адам дәрігерлердің сөзінен кейін 215 келіге арықтады

Ер адам: Клиникадан шыққаннан кейін отыра қалып, еңіреп жыладым

Ресейлік шұжықтан африкалық оба дерті анықталды

Вирус жылдың кез-келген уақытында тез тарала бастайды

"Менің де саясаттан хабарым жоқ": Зеленскийдің "сыңары" арасында оны алмастырып тұруға дайын екенін айтты

Умид Исабаев жуырда Мәскеуге көшіп барған болатын

Дәрігер өзін камераға түсірмек болған әншінің басын жарып, соққының астына алды

Оқиға сұлулық салонында болды

Түркістан облысында зорландым деген жасөспірімнің оқиғасы: Шөкеев пікір білдірді

Өңір басшысының сөзінше, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр