Таразда 73 жастағы ер адам тергеу изоляторында көз жұмды

Фото: Ru.freepik.com
Тараздағы тергеу изоляторында пара бергені үшін сотталған 73 жастағы тұтқын қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Halyqstan Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
73 жастағы ер адам мамыр айында пара бергені үшін істі болған. Ол тергеу изоляторында апелляциялық шағымның қаралуын күтіп жатқан.
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті тергеу изоляторында қамауда отырған ер адамның қайтыс болғанын растады. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
“Ер адам жүрек ауруымен медициналық ұйым есебінде тұрған. Бұған дейін бірнеше рет емдеу және диагностика үшін денсаулық сақтау мекемелеріне жеткізілген”, – деп мәлімдеді ведомство.
Алдын ала мәлімет бойынша, өлімнің себебі – жүрек ауруы.
Қайтыс болған сотталушы – 73 жастағы зейнеткер, мүгедек Талғат Төлеуов. Мемлекеттік айыптаушылар оны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Төлеуовпен бірге тағы екі адам — Элимхан Мұрадов пен Сәкен Үкімбаев жалған темекі өнімдерін заңсыз жолмен сатып алды және бұл үшін пара берді деп айыпталды.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді