Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда 12 жасар қыз зорланды: Күдікті бұрын да зорлық жасаған боп шықты

Таразда жетінші сынып оқушысын мектеп дәретханасында зорлап тастаған күдікті 19 жыл бұрын осы тәрізді қылмысы үшін сотталған болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Таразда 12 жасар қыз зорланды: Күдіктінің бұрын жасаған қылмысы белгілі болды

«Аталған күдікті 17 жасында зорлық жасағаны үшін сотталған. Төрт жыл түрмеде жазасын өтеп, бір жылын шартты түрде өтеген», - дейді Жамбыл облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев.

Айта кетсек, бұған дейін 38 жастағы күдіктінің ұрлық үшін сотты болғаны хабарланған еді. Ол үйленбеген екен. 

«Астана» арнасының мәліметінше, оқиғадан зардап шеккен қыз қазіргі уақытта ауруханада жатыр. Онымен психологтар жұмыс істеуде.

«Ол облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Бүгінгі таңда жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігерлер өз бақылауына алған. Ол жерде шамамен 10 күн болады», - дейді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жібек Исаева. 

Еске сала кетсек, Таразда педофилдің тапа-тал түсте 12 жастағы қызды зорлаған еді. Күдікті арам пиғылын мектеп дәретханасында іске асырған. 

Оқиғадан кейін мектептің директоры мен үш қызметкері қызметінен босатылды.

Талқылау