Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараз маңында гранатомет пен пулемет жасырылған қойма табылды

Жамбыл облысында Тараз қаласының маңында полицейлер қол гранатометтері мен пулеметтері бар жасырын қойма тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

20 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысы Қостөбе ауылы маңындағы егістік алқаптан қару-жарақ қоймасын тапты.

"Біз 8 автомат, оған арналған 17 қару магазинін, 1 қол гранатометін, 12 калибрлі газ-травматикалық мылтық, қатты диск және штык пышақ тапты. Бұл факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді", – деді Жамбыл облысы ІІД ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Қалметов.

Облыстық полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жерін хабарлаған немесе оларды өз еркімен ішкі істер органдарына тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын мәлімдейді. Құқық қорғау қызметкерлері анонимділікке кепілдік береді.

Талқылау