"Тарақандар өріп жүреді": "Шабыт" университетінің студенттері оқу орнының ғимаратындағы сұмдықты көрсетті
Астанадағы "Шабыт" Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері жоғары оқу орны ғимаратындағы антисанитарияға шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Студенттер әлеуметтік желіде оқу орнының ғимаратындағы жан түршігерлік жағдайды бөлісе бастаған.
"Мен ақылы негізде оқимын. Қар ерісе немесе жаңбыр жауса, ғимараттың төбесінен су ағады. Бүкіл оқу залына шелек қою керек. Кабинетте сабақ оқып отырған кезде де үстімізге су тамшылап тұрады”, – деп шағымданды студенттердің бірі.
Ал енді бірі ғимаратта жүгіріп жүрген тарақандарға студенттердің үйренісіп кеткенін айтып, дабыл қақты.
"Әсіресе әжетханада тарақан көп. Дәретхананың өзі бөлек әңгіме, өте лас, әрі дәретхана қағазы да, сабын да жоқ”, – дейді студенттер.
Видеода бұл мәселелердің жылдар бойы шешілмей келе жатқанын айтылған.
"Бүкіл сыныптардың терезелері ашылмайды. Күн жылынса, тұншығып қаламыз. Былтыр таңертеңнен кешке дейін терезесіз бір тар кабинетте емтихан тапсырырғанбыз. Жағдай сұмдық", – дейді студент.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік