Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал журналист Нағашыбай Есмырза көз жұмды

Белгілі журналист әрі тарихшы, қоғам белсендісі Нағашыбай Есмырза өмірден озды. Бүгін, 5 наурыз күні сот залына барған оның жүрек талмасы ұстап қалған, деп хабарлайды Stan.kz.

Нағашыбай Есмырза

"Серікжан Біләштің сотына келген Нағашыбай Есмырза аға қалалық соттың күту залында құлап қалды. Дәрігерлер қырық минуттан аса арпалысса да ағамыз есін жимады", - деп қаралы хабарды жеткізді журналист Әмірболат Құсайынұлы Facebook-тегі парақшасында.

Құлап қалған соң, ол бірден ауруханаға жеткізілген. Жансақтау бөлімінде дәрігерлер оның өмірі үшін арпалысқан.  

Айта кетейік, тарихшы Адольф Гитлер туралы жазбаларымен танымал. Бірнеше жыл бұрын Нағашыбай Есмырзаның "Гитлер - фашист емес" атты сұхбаты "Аңыз адам" журналына шығып, соңы үлкен дауға ұласқан болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау