Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал түркиялық аспаз қазақстандық файтерге тағам дайындады

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Salt Bae лақапатымен танылған түркиялық аспаз Нусрет Гёкченің мейрамханасынан ас ішті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жалғас желідегі парақшасында видео жариялады. Кадрдан Нусреттің етті бөліп, үстіне ерекше тәсілімен тұз сепкенін көруге болады. Кейін қонақтар мейрамхана иесіне алғыстарын білдірді. 

Әлем бойынша бірнеше мейрамханаға иелік ететін Нусрет Гёкче футболдан әлем чемпионатында сынға ұшыраған еді. Ол Аргентина құрамасын марапаттау кезінде алаңға шығып, жеңімпазға берілетін кубокты ұстап, алтын медальді тістеген. Дегенмен ФИФА қаулысы бойынша кубокты тек белгілі азаматтар ғана ұстай алады. Кейін футбол федерациясы жанкүйерлердің наразылығынан кейін шара қабылдайтынын мәлімдеді. 

Назархан Уән
Сейсенбі, 28 Ақпан, 2023 22:30