AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

Танымал коуч өзіне қол салғанын ашық айтты

"Түнгі студия" бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі, тұлғалық даму бойынша танымал коуч Эльвира Ерғалина осыдан он жыл бұрын өзіне қол салғанын ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz Нұрмахан Мұқанұлының AdminAnon бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Он жыл ішінде денсаулығы мен психикасын қалыпқа келтіру үшін біраз күш жұмсаған Эльвира қазір бұл жағдайды оңай еске алады.

"Суицид деген бір ғана ситуацияның әсері емес. Оған дейін тамшылап жиналатын ықпалдар болады. Балалық шақтағы психологиялық травмалар.

Ата-әженің қолында өсу, олардың маған қатал болғаны, өзінің баласы болмаған соң жауапкершілікті екі есе күшейткен, олар махаббат беріп жатырмыз деп, ал мен қысым көріп жатырмын деп ойлағам. Өмірде туған әке-шешемнің жанында өспегенім бар. Биологиялық әке-шешем кім, ата-әжем кім, біліп өстім. Кішкентай кезімде "сені асырап алған" деп балалар көп мазақтайтын. Жеңгемнен сұрағанда "по секрету" айтып берген. Ол кезде баламын ғой, қазіргідей қабылдай алмаймын. Ол нәрсені естіп, бұлар мені алдай алмайды, әке-шешем мені керек емес етіп бере салған, неше түрлі фантазиямен бұрмалап аласың да, ол сенің ішіңдегі психикаңның қалыптасуына әсер етеді. Өзіңді қалай қабылдасаң, әлемді күшейген формасында қабылдайсың. Мені ешкім жақсы көрмейді, мен ешкімге керек емеспін деп ойлайсың”, – дейді Ерғалина.

Суицид жасау бала Эльвираның ойына келген. Өзін өмірге келгеніне кінәлі сезінген өрімдей жас қыз өліп қалсам, ата-анам іздер деген байламға келген.

"Әжем мен туылардан екі ай бұрын қайтқан қызын сағынып, жылап отыратын. Адамды жақсы көру үшін, сағыну үшін өлу керек деп ойлайтынмын", – дейді Эльвира.

Үлкен өмірге қадам басып, студент атанған соң, Эльвира өзін-өзі ұстау, жігітпен сөйлесу мәселесіне келгенде қиналған.

"Мен жатақханада тұрдым. Еркіндік деген не ол? Қалай өзіңді ұстау керек? Білмеймін. Солай жүріп 2-ші курсымда тұрмыс құрдым. 3-ші курсымда балалы болдым. 4-ші курсымда дипломды алуға ажырасып келдім. Аз уақыттың ішінде өте көп нәрсе болып кетті. Одан кейін жұмыс іздеу, таба алмау, ақша таба алмау... Ажырасқан кезде туысқандардың қысымы қатты болады. Кейбір туыстар "сен біздің сүйегімізге таңба болдың", "біздің тұқымда ажырасу болмаған", "бүкіл әулеттің абыройына нұқсан келтірдің" деп өзің көтере алмайтын жүктерді арқалатып қойған сәттер болды. Мен  оларды кінәламаймын, бірақ әсер еткен факторлар", – деп түсіндірді ол.

Көптеген факторлардың әсерінен Эльвира 2011 жылы 4-ші қабаттан саналы түрде секіргенін айтады. Алайда суицид жасаған қыздың проблемасы артпаса, азаймағаны анық.

"Үйде құрбым мен туған сіңлім болған. Олар көрді, байқамай қалды. Мен біттім, кеттім деп қадам жасап, ертесіне реанимацияда ояндым. Аяғым, омыртқам сынған. 1,5 жылдай төсекке таңылып жаттым. Суицид жасаған кезде өліп кетсең, жақсы екен да, ал өлмей қалсаң, проблемаң екі еселенеді. Екі емес, мың еселенеді. Жаныңның ауруына, тәніңнің ауруы қосылады. Мен әлі денсаулығымды, психикамды қалыпқа келтіріп жатырмын", – дейді Ерғалина ағынан жарылып.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр