Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал қазақстандық рэпер Jah Khalib үйленгенін мойындады

Қазақстандық рэпер, әнші және продюсер Jah Khalib үйленгенін мойындады. Бұл туралы рэпер шағын альбомын таныстыру сәтінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 "Мудрец" деп аталатын албомьға алты жаңа ән кірген. Туындылар отбасылық құндылықтар мен ғажайып махаббатқа арналған.

The Flow порталының жазуынша, албомьдағы бірінші "Я не прощу" әнінде  Бақтияр Мамедовтің (орындаушының шын есімі) жұбайының дауысын естуге болады. Олар 2020 жылдың жазында үйленген, бірақ рэпер бұл туралы еш жерде жарияламаған. Бұл шығарылым - олардың қарым-қатынасының тарихы.

"Отбасын қалыптастырудың түрлі кезеңдері, отбасылық қарым-қатынастардың "негізін қалау" туралы айта отырып, мен тағдыр, рухани-адамгершілік және, ең бастысы, шынайы махаббат тақырыбында ойлауды жалғастырамын", - деді Jah Khalib.

Apple Music-ке берген сұхбатында орындаушы 2020 жыл ол үшін нәтижелі болғанын атап өтті. 

"Мен бүкіл жылды студияда өткіздім, өзімді және музыкалық шеберлігімді дамытумен айналыстым, студия жұмысындағы шеберлігімді арттырдым. Отбасын құрдым - үйлендім. Бізде бәрі жақсы, сондықтан көз тигенін қаламаймын", - деді рэпер.

Талқылау