Таңғажайып деп осыны айт: Құралай ханым кесарь тілігіне қарамай қалай 6 бала туғанын айтып берді

Психолог Құралай Ошақбаева кесарь тілігімен босанғаннан кейін 5 баланы қалай дүниеге аман-есен алып келгенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының «Оңай емес» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Құралай ханым

Сурет: instagram.com/quralai_hanum/

«2003 жылы қызым аман-есен дүниеге келді. Бірақ өте ауыр отамен. Қатерлі диагноз қойылып, тіпті, жатырымды алып тастау мүмкін екені айтылды. Нар тәуекелге баруға болмайтыны да ескертілді. Ұл баланы 5 жыл бойы күттім. Қалғандарының бәрін өзім тудым. Осы психологияның маған көмектескен жері сол болды», - деді психолог. 

Әрі қарай Құралай Ошақбаева өмір бойы көп балалы болуды аңсағанын жеткізді. Сондай-ақ, нар тәуекелге қалай барғанын баяндап берді. 

«Өзім көп балалы ана болуды мақсат етіп қойдым. Әдетте отадан кейін бір-ақ рет келісім береді. Менің сол кезде Светлана Ивановна деген күшті дәрігерім болды. 80-жылдардан бері акушер-гинеколог болып жұмыс істейді. Сол кісі менің көзімдегі отты, сенімділікті байқады. «Жарайды, сенсең, жүр» деді. Қасымда тұрған дәрігерлер «Бұлай жасауға болмайды» деді. Себебі, балалардың арасы бір жарым-ақ жас еді. Ал егіздерді туғанда дайын болдым. Егіз деген – үлкен нар тәуекел. Жоспарлы түрде ота жасататынымды айтып, келісімімді бердім», - деді Құралай Ошақбаева. 


Тағы оқыңыз: "Көзіме шөп салды": Әйелдерге ақыл-кеңесін айтатын әйгілі Құралай ханым отбасындағы кикілжіңдер туралы сырын ашты


Дәл босанатын күні психологтың астанадан құрбысы келіп қалған. Тағы басқа себептер болып, таңертең басталған толғағымен кешке дейін жүруге мәжбүр болған. Жедел жәрдем де кеш келіп, ауруханаға барар жолда кептеліс болған. Десе де, Құралай ханым өзінің жеңіл босанғанын айтады. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Moody's агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ рейтингін растап, болжамды «жағымды» деңгейіне дейін жақсартты 

Сайқымазақ Саматты ұрған студент оқудан шығарылды

Сайқымазақ Кроханы сирек кездесетін генетикалық аурумен ауырады

Қызылордада көлік аялдамада тұрған үш адамды қағып өлтірді (видео)

Тағы 2 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды

Би туралы қызықты деректер

Майамиде бір уақытта 119 986 адам конга биін билеген

Қыздарға кеңес: Жігіттер танысудың бірнеше жолын айтты

Әңгімені бастаудың ең жақсы тәсілі - адамды мақтау

Студентті өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған оқытушы Cоколовтың өзіне қол салмақшы болғаны видеоға түсіп қалған

Полицейлер ұстаз енді бұлай істемейді деп сендірді

Алматы билбордтарындағы есірткі жарнамасы: "челендж" партнері болған блогердің әңгімесі

Блогерлер кінәлі деп ойламаймын

Ер азамат бостандықта жүрген педофил жайлы естіп, оны бірер минуттан соң ұстаған

Қылмыскерді өзі ұстап, полицияға хабарлаған

Жер туралы қызықты деректер

Бір секунд ішінде Жерге шамамен 100 рет найзағай түседі

Теледидарды қосып қалған анасы жоғалып кеткен қызын көріп қалған

Қызы Денвер қаласында үйі жоқ адамға айналыпты
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр