Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тальгода" зорланған келіншек өзі туралы ақпарат таратқан адамдардың үстіне арыз жазды

"Тальгода" зорланған келіншек ғаламторда өзі туралы ақпарат таратқан бірнеше адамның үстіне арыз жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Актөбе Таймс" басылымына сілтеме жасап. 

Тальгода зорланған келіншек өзі туралы ақпарат таратқан адамдардың үстіне арыз жазды

YouTube желісінде "Шок.Тальгодағы зорлау" деген атпен бейнежазба тарап, қолданушылардың арасында талқыға салынып кетті. Осы бейнежазбалар мен суреттерге байланысты "Тальго" пойызында зорланған келіншек полицияға арыз түсіріп, деректерді жариялаған адамдарды жазалауды сұраған. 

Бұл туралы "НеМолчи.KZ" қозғалысының жетекшісі Дина Смаилова айтып берді. 

"Видеода олар жәбірленушінің суреттерін қолданады, оның аты мен тегі, туған жері туралы ақпарат береді. Сот жабық болды, және бұл ақпаратты жариялауға заңмен тыйым салынған. Бұл видеоны 3000-нан астам адам қараған. Қазіргі таңда видео ғаламтордан алынып тасталды", - дейді Дина Смаилова.

Жәбірленген келіншек тек қана бейнежазба таратқандарға емес, сонымен қатар, зорлықшылардың бірінің әкесінің де үстіне арыз жазған. 

"Ол адам бізден ақша жымқырды деген жалған ақпарат таратыпты", - дейді Дина Смаилова. 

Оған қоса, "Тальгода"  зорланған келіншек Ақтөбе қаласының белсенділерінің бірі Бақытжан Құрмановты да айыптап отыр. Жәбірленуші азаматты жеке мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарына таратқаны үшін кінәлі деп санап, үстіне арыз түсірген.

"Сот отырысынан кейін ақтөбелік азаматша Ақтөбеге көшіп, денсаулығын оңалтпақ. Қазіргі таңда ол жұмыс істей алмайды", - дейді Дина Смаилова. 

Талқылау