Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тальго" пойызында тағы да зорлық әрекеті анықталды: Танымал спортшы болған азамат күдікке ілінді

«Тальго» пойызында тағы біреуді зорламақшы болған. Бұл жолы 18 жастағы қызды егде жастағы ер азамат зорлық әрекетін жасамақшы болған. Ер азамат бұрын спортпен шұғылданған, қазір балаларды жаттықтыратын көрінеді. Жәбірленуші болған оқиға жайлы қоғамдық белсенділерге айтып берген. Сөзінше, Петропавлдан Алматы қаласына қарай бет алған. Ол поезд бөлмесінде ұйықтап жатқан кезде, бейтаныс ер адам келіп оған тиісе бастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана ТВ" арнасына сілтеме жасап.


Оқиға қыркүйек айында орын алған. Зорлаушылық әрекеттің құрбаны бола жаздаған қыз бұл жағдай халыққа жариялау туарлым шешімді жақында ғана қабылдапты. «Не молчи» фонды қызметкерлерінің сөзінше, бұл шешімді қабылдауға қылмыстық істің айғақтардың жоқ болу себебінен тоқтатылуы түрткі болған. 18 жастағы қыз Алматыға Петропавлдан келе жатқан кезде, Қарағандының станциясынан 60 жастағы ер адам пойызға мініпті. Түнде қыз ұйықтап жатқанда, әлгі адам купеге кіріп қызды ұстай бастаған. Қыз бейтаныс адамның бұл әрекетінен шошып ояныпты. 

«Ер азамат қыз ұйықтап жатқанда оның ішін, одан да төмен жерлерін сипалай бастаған. Жолаушының іш киіммен отырғанын көрген жолсерік еркекке ескерту жасап, оның бұл қылығына таңқалған көрінеді. Оның бұл сөзіне 60-тағы ер адам «қазақтың қыздары 12 жастан бастап жетіледі» деп жауап қайырған. Қыз полиция бөліміне арызданған көрінеді, алайда айғақтардың болмауынан қылмыстық істі тоқтатыпты. Кейін қоғам белсенділері бұл жағдай қайта көтерген соң істі қайта бастауға тур келген», - деді "Не молчи.kz” қоғамдық фондының басшысы Дина Таңсәрі.

Сонымен қатар фонд басшының сөзінше, қызға тиіспекші болған ер азамат КСРО-ның үш дүркін чемпионы, Еуропаның жеңімпазы, боксер, бокс академиясының мүшесі, балалардың жаттықтырушысы екен. Егер оның кінәсі анықталса, 60 жастағы жолаушы 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл «Тальго» поездында орын алған бірінші жағдай емес. Айтуынша, Бұған дейін Нұр-Сұлтаннан Алматыға кетіп бара жатқан жолаушы қызды бірнеше жолсерік жабылып зорлағаны анықталған еді. Осы жағдайдан кейін қазақстандық әйелдер поезда орын алған зорлық әрекеттер жайлы ашып айта бастады.

Заңгерлердің айтуынша, Қазақстанда қыздың денесін сипалап, ұстағаны үшін қарастырылатын арнайы айып жоқ. Мамандар бұл көп жағдайда ұсақ бұзақылыққа жатқызылып, ол үшін айыпталушы 5-10 АЕК көлемінде айыппұл төлеп, құтылып кетуі мүмкін. Сол себепті бұл тұрғыда жазаны кұшейту қажет екенін жеткізді

Бұған дейін жолаушы бойжеткенді зорламақ болды деп айыпталғаны жөнінде айтылған еді. 

Талқылау