Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кетіп қалып, көзіне шөп салған: Талдырқорғанда күйеуі әйелін пышақтап тастады (видео)

Талдықорғандық азамат әйелін өлтіріп, мәйітін ауласына тығып қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Талдықорған қаласында жалға берілетін жер үйлердіңі біріндегі жертөледе 46 жастағы әйелдің денесі табылған. Күдікті ретінде марқұмның күйеуімен қатар тағы бір азамат қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Марқұмның қанға боялған киімдері мен жеке заттарын қайта қарау кезінде күйеуі болған оқиғаны есіне алды. Отбасы кешкі ас ішіп отырған кезде жанжал туып, ұрыс төбелеске ұласады. Келіспеушіліктің басты себебі қызғаныш болған көрінеді. Артынша күйеуі қолына түскен ас пышағын әйеліне екі мәрте сұғып алған. 

"Үнемі кетіп қалатын. Тығылып, көзіме шөп салатын. Өзінің қайда екенін айтпайтын едім. Мен іздеп жүретінмін", - дейді айыпталушы.

Ашуға булыққан күйеуі оқиға орнында тіл тарпай кеткен әйеліне жаны ашымастан досын шақырып, әйелін көрпеге орап, мәйітін көрші туыстарының жертөлесіне жасырып қойған көрінеді. Мәйітті туысқандары таңертең көріп, полицияға хабар берген. Бұл туралы Талдықорған қалалық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі Алтай Қасымов айтып берді.

"Аталған дерек бойынша Талдықорған қалалық ПБ мен ҚР қылмыстық процестік кодексінің  99 бабы, 1 бөлімімен сотқа дейінге тергеп-тексеру басталды. Қазіргі кезде осы дерек бойынша тиісті сараптамалар дайындалып жатыр. Сараптама қорытындысы дайын болған соң нақты процессуалдық шешім қабылданады", - дейді Талдықорған қалалық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі Алтай Қасымов.

Талқылау