Талдықорғанда екі жас жігіт такси жүргізушісін пышақтап, жолдың шетіне тастап кеткен

Талдықорғанда екі жас жігіт такси жүргізушісін пышақтап, жолдың шетіне тастап кетті деп күдіктеліп отыр. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Талдықорғанда екі жас жігіт такси жүргізушіні пышақтап, жолдың шетіне тастап кеткен

Полиция мәліметінше, адам тасымалдаумен айналысатын ер адам 8 қарашада қала шетінде жатқан жерінен табылыпты. Оған белгісіз екі ер адам пышақпен тап беріп, артынша көлігін айдап кеткен. 

«Іздестіріліп жатқан Audi 100 маркалы көліктің облыс орталығынан шығып кеткені анықталды. Көлік Үштөбеге кірер тұста табылып, Қаратал аудандық полиция қызметкерлерімен ұсталды. Екі патрульдік экипаж күдіктілерді қуу барысында оларды тұтқындап, Талдықорғанға жеткізді. Олар уақытша ұстау изоляторына тоғытылды», - дейді Талдықорған қалалық полиция департаментінің басшысы Асқар Нұрсапа. 

2001 жылғы күдіктілер Сарқан ауданының тумасы болып шықты. Олардың бірі бұған дейін қылмыстық жауаптылыққа тартылған екен. Алайда кәмелет жасқа толмағандықтан, қамау жазасынан сытылып кетіпті.

Күдіктілер өз жауабында қылмысқа алдын ала дайындалғандарын айтты. Олар көлікті айдап әкетіп, артынша бөлшектеп сатып жібермек болған. 

«Олар үйден пышақ алып, қала шетіне шығып, құрбанының мойнынан осып жіберіп, жарақаттаған. Пышақтардың бірі оқиға орнынан табылды, ал екіншісі күдіктілерді тұтқындау барысында тәркіленді. Олар заттай айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына қосылды», - дейді полициядағылар.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіруге оқталу» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Облыстық полиция департаменті істің тергелуін айрықша бақылауға алды. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда есірткіні жарнамалаған компания қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр

Жарнамаға тапсырыс беруші заң жүзінде жазаланады

Атырауда 4 жасар бала 100 теңгені жұтып қойып, бір өлімнен аман қалды

Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастайды

Экономистер жиналған қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдалануды ұсынды

Мамандар елімізде алты миллионнан көп адамның үй-күйсіз жүргенін негізге алды

"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

Футболшыларға елорда көшелерінде ұзақ жүрмеуге кеңес берді

Бекболат Тілеухан: Педофилдердің жақсылап тұрып басын жұлып алушы едім

Депутаттар Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы қыздың зорланғанына алаңдаушылық білдірді

Алматыда маньяк жүр: Ер адам 12 жастағы оқушыға пышақпен тап берді

Қазір қаскөйді тәртіп сақшылары іздеп жатыр

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Олардың жарнамалық компанияның тапсырысымен орнатылғаны атап өтілді

Таразда зорланған оқушы үшін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Зорлау фактісі бойынша тергеу жалғасуда

Ерболат Беделхан: Әйелдер денелі еркектерден шаршады

Ninety one продюсері: Әйелдер қазір өз күтіміне немқұрайлы қарамайтын жігіттерді қалайды

Алматыда ер адам оқушы қызға шабуылдады

Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр