Талдықорғанда екі бала жол апатынан зардап шекті
12 ақпан күні Талдықорғанда жол-көлік оқиғасы тіркелді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Nissan Juke және Haval Dargo автокөліктерінің бірінде бес және алты жасар екі бала зардап шекті.
"Балалар жарақат алып, қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Екі көліктің жүргізушілері де медициналық тексеруден өтті. Шетелдік автокөлікті басқарған 48 жастағы әйелдің мас екені анықталды”, – делінген хабарламада.
Полиция мас жүргізушіні медициналық айықтырғышқа алып барды, оның Nissan Juke автокөлігін және екінші Haval Dargo автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылды.
Жол-көлік оқиғасына жүргізушілердің қайсысы себепкер болғанын ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы "Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша жүргізілетін сотқа дейінгі тергеу шеңберінде анықталады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік